Емделушілердің оқиғалары
ҚАРАҒАНДЫДА ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕГІ АУЫР ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАН 2 АЙЛЫҚ ҚЫЗДЫ АМАН АЛЫП КАЛДЫ

Қарағандыда дәрігерлер жүрегі ауыр дертке шалдыққан 2 айлық қызды аман алып калды

Қарағанды қаласының №2 көпсалалы ауруханасы (кардиологиялық орталық) мамандарының бірлескен жұмысы жүрек ақауларының біріне шалдыққан 2 айлық нәрестеге қысқа мерзімде ота жасауға мүмкіндік берді және сол арқылы кіштентай бүлдіршіннің өмірін сақтап қалуға көмектесті.

«Сәби екеуміз ауруханаға 31 қаңтар күні түстік. Алдымен біз емханаға келдік, бізді жүректің ультрадыбыстық зерттеуіне жіберді, онда олар «тетрада Фалло» деп аталатын ақауды анықтады. Бізді дереу ауруханаға жатқызды, бір айдан кейін отаның бірінші кезеңін жасады», - дейді қыздың анасы.

Кардиологиялық орталықтың хирургтары «жүйелі-өкпе анастомозы» отасының бірінші кезеңін жасады. Артерия тарылған жерде өкпе артериясына стент орнатылды, болашақта ол ақауды түзетуге және радикалды ота жасауға мүмкіндік береді.

«Ауруханаға екі айлық нәресте ауыр халде түсті. Біз отаның бірінші кезеңін жасадық. Бұл ота жүректі тоқтатпай, соғып тұрған жүрекке жасалады. Отаның бірінші кезеңі баланың қалыпты дамуына және жүректің түбегейлі түзетуге дайындалуына көмектеседі. Кейін 4-5 айдан соң 2 кезең – тетрада Фалло ақауын түбегейлі түзету үшін ота жасалады. Жасалған ота қымбат әрі күрделі, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы емдерді көп тұтынуды қажет етеді, шығындарымызды өтеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі аясында жүзеге асырылады», - дейді №2 көпсалалы аурухананың балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Жанат Болатбекұлы.

Тетрада Фалло бұл төрт анатомиялық аномалияны біріктіретін туа біткен жүрек ақауы - қарыншалық перде ақауы, аортаның ығысуы, оң жақ қарыншаның стенозы және гипертрофиясы. Жүрек ақауы қандағы оттегімен қанығу деңгейінің біртіндеп төмендеуіне әкеледі. Бұл көрсеткіш 94%-дан төмен болғанда, бүкіл дененің жұмысында бұзылулар пайда болады - иммунитет төмендейді, ми қызметі және дененің жалпы дамуы баяулайды, терісі көкшіл түсті болады. Приступ кезінде бала көгеріп, тез тыныс ала бастайды, мазасызданады. Осындай ақауы бар науқастарға бірден радикалды ота жасау мүмкін емес, сондықтан өмір бойы коррекция жасалып отырады. Нәресте өмір сүруге және болашақта оның туа біткен жүрек ақауын кезең-кезе

ңімен түзету мүмкіндігін алды.
13.05.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының дәрігерлері ауыр көз жарақатын алған азаматқа сәтті ота жасап, оның көру қабілетін сақтап қалды.
10.06.2025
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
Несчастный случай произошел с 13-летним Динмухамедом Алимовым. Мальчик упал на бордюр, получив тупую травму живота.
03.06.2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды.
03.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу