Темірбеков Дәурен Оденұлы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Туған күні: 02.03.1986
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
ДК-ге сайланған күні: 05.03.2026 ж. (Жалғыз акционердің 05.03.2026 ж. №160 шешімі)
ДК мүшесі лауазымына өкілеттік мерзімі: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін.

Директорлар кеңесі мүшесінің функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың өзге де ішкі құжаттарымен реттеледі.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар::

  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қазақстан халықтар достығы университеті
  • Шеффилд университеті (Ұлыбритания)

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметін талдау басқармасының маман міндетін атқарушысы, маманы болып бастаған (2007);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сарапшысы (2008–2009);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы (2009–2011);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған (2011–2015);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті директорының орынбасары (2015–2017);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары (2017–2018);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры (06.2018–08.2022);
  • Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі (08.2022 жылдан бастап).

Өзге де лауазымдары:

  • АХҚО Әкімшілігінің Директорлар кеңесінің мүшесі (08.2024 жылдан бастап)

Тізімге оралу

Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу