Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар::
1997 жыл – Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша.
2001 жыл – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, «Кәсіпорындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша.
Еңбек өтілі:
1989–1991 жж. – Ақтөбе қаласындағы №2 балалар ауруханасының хирургия кабинетінің санитары.
1997–1998 жж. – Ақтөбе қаласындағы №1 консультативтік-диагностикалық орталықтың дәрігер-менеджері.
1998–1999 жж. – Ақтөбе қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханасының экономикалық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары.
1999–2002 жж. – «Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансер» ММ экономикалық мәселелер жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары, мониторинг орталығының меңгерушісі.
2002–2005 жж. – «Ақтөбе облыстық медициналық статистика және информатика бюросы» МКҚК директоры.
2005–2009 жж. – «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ стратегиялық жоспарлау, мониторинг және талдау бөлімінің басшысы.
2009–2012 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаментінің нысаналы ағымдағы трансферттер және даму трансферттерін жоспарлау басқармасының басшысы.
2012–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары.
2014 ж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары.
2016–2017 жж. – «СК-Фармация» ЖШС Экономика және қаржылық мониторинг департаментінің экономика және қаржылық мониторинг бөлімінің басшысы.
2017–2020 жж. – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмекті көрсетуін жоспарлау департаментінің директоры.
2020–2022 жж. – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмектің көлемін басқару және мониторингтеу басқармасының басшысы.
2022–2026 жж. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.
2026 жылғы ақпаннан бастап – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
Қор туралы
Корпоративті басқару