Сабденбек Гульмира Сабденбековна
Басқарма Төрағасы
Туған күні: 01.12.1973
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялар::
1997 жыл – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Жақ-бет хирургиясы» мамандығы бойынша;2009 жыл – Джордж Вашингтон университеті («Болашақ» бағдарламасының түлегі) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқару және менеджмент» бағыты бойынша.
Еңбек өтілі:
1997–2007 жж. – Алматы қаласының медициналық ұйымдарында дәрігер болып жұмыс істеді, сондай-ақ дәрігерлердің дипломнан кейінгі білім беру жүйесінде оқытушы болды;
2009–2010 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық жобаларды басқару орталығының кеңесшісі. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын және салалық стратегиялық құжаттарды әзірлеуге жетекшілік етті;
2010–2012 жж. – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры. Стратегиялық құжаттарды әзірлеу және іске асыру, корпоративтік басқару жүйесін қалыптастыру және холдингтің медициналық ұйымдарында заманауи басқару құралдарын енгізу жұмыстарын басқарды;
2012–2019 жж. – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. Стратегиялық даму мәселелерін іске асыруды, JCI халықаралық стандарттарын, ғылыми және клиникалық практиканың халықаралық стандарттарын, сапа және тәуекелдерді басқару жүйелерін енгізуді қамтамасыз етті;
2019–2026 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгеруші орынбасары. Ведомствоаралық реформаларды үйлестіріп, әлеуметтік саясат, оның ішінде денсаулық сақтау, мемлекеттік аудит, қаржы-экономикалық реттеу және орнықты даму мәселелеріне жетекшілік етті;
2026 жылғы қаңтардан бастап – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасы.

Қор туралы
Корпоративті басқару