Назад
Назад

Медициналық сақтандыру қорының ҚКК-сі отырысында ТМККК және МӘМС пакеттерін қаржыландыру көздерін біріктіру мәселелері талқыланды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қоғамдық-консультативтік кеңесінің VI отырысында ТМККК және МӘМС пакеттеріндегі тарифтік саясатты жетілдіру және қаржы қаражатын әкімшілендіру жүйесін қайта қарау жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қордың республикалық бюджеттің қаржы қаражатын және Қордың активтерін Ұлттық Банктің бірыңғай шотына шоғырландыру арқылы ТМККК және МӘМС қаржыландыру көздерін біріктіру жөніндегі ұсынысы болды.

ҚКК отырысы барысында ӘМСҚ-ның Талдау және болжау департаментінің директоры Марина Фалеева атап өткендей, қаржыландырудың бірыңғай көзін енгізу Қор тарапынан пакеттерді әкімшілендіруді жақсартуға және медициналық ұйымдар атынан Өнім берушілер тарапынан есептілікті айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік береді.

ҚКК мүшесі, Primary Health Care Ұлттық қауымдастығының басшысы Төлебай Рахыпбеков бұған дейін бұл тәсіл қоғамдық ұйым деңгейінде талқыланып, қолдау тапқанын атап өтті.

Жаңа бастамаға қатысты заңнаманы өзгерту бойынша тиісті ұсыныстар қалыптастырылып, шешім қабылдау үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жолданды.

Талқылаудың келесі мәселесі медициналық ұйымдардың қызметтеріне қолданыстағы тарифтерді жетілдіруге бағытталған тарифтік саясаттағы өзгерістер болды. Әдіснама бөлігінде, сол сияқты тарифтер құрылымы бөлігінде тариф белгілеу жүйесі Медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін нарықтың барлық қатысушылары үшін медицина саласындағы мемлекеттік тарифтерді тартымды ету мақсатында жаңартулардан өтуі тиіс. Осылайша, тарифтерді белгілеудің жаңа тәсілдері медициналық ұйымдардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы үшін қосымша ынталандырулар туғызуы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруы тиіс.

Тарифтік саясаттың жалпы медициналық ұйымдардың қызметіне айтарлықтай әсерін ескере отырып, ҚКК мүшелері бұл мәселені келесі отырыстың күн тәртібіне шығару туралы шешім қабылдады.

ҚКК мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, өз кезегінде, Қордың бастамалары бойынша қосымша есеп айырысу жүргізу және ҚКК-ге мүше депутаттарға оларды одан әрі зерделеу және мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау үшін ақпарат беру қажеттілігін атап өтті.

Қоғамдық кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың пікірінше, Медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді автоматтандырылған сатып алу жүйесін жақсартуы керек, сонымен қатар бюджет қаражатын әкімшілендіру және қызмет тиімділігін арттыру үшін барлық процестерді цифрландыруы қажет.

Сондай-ақ, ҚКК мүшелері халықты салауатты өмір салтына ынталандыру мәселесін талқылады.

ДДҰ мәліметтері бойынша өмір салтына байланысты әлемде өлім қаупінің негізгі факторлары қан қысымының жоғарылауы, темекіні пайдалану, физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі, қандағы қанттың жоғарылауы, артық салмақ және семіздік болып табылады. Сондықтан аурудың алдын-алу және денсаулықты нығайту Денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды басымдықтар болып табылады.

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында азаматтарды дұрыс тамақтануға, спортпен шұғылдануға және зиянды әдеттерден бас тартуға ынталандыру үшін бірқатар шаралар көзделеді, деп атап өтті ӘМСҚ Стратегия және жобаларды басқару департаментінің директоры Айдар Әбеуов.

Халық арасында темекі шегуді 19% - ға дейін азайту үшін ұлттық жоба шеңберінде темекі өнімдерін тұтынуды қысқарту бойынша шаралар кешенін іске асыру жоспарлануда, мысалы, қоғамда түтінсіз ортаны енгізу, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бақылау, темекі өнімдеріне акциздерді кезең-кезеңімен арттыру.

Бұдан басқа, қан айналымы жүйесінің аурулары, артериялық гипертензия, қант диабеті сияқты инфекциялық емес аурулардың таралуын төмендету мақсатында өнімдерді саралау үшін қоректік заттардың Ұлттық бейінін әзірлеу, құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу және тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшері бойынша ұсынымдар енгізу жоспарлануда.

Медициналық сақтандыру қоры адам денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидатын басшылыққа ала отырып, өз құзыреті бойынша салауатты өмір салтын ынталандыру және аурулардың профилактикасы жөніндегі бастамаларды іске асыруға жәрдемдеседі.

СӨС ынталандырудың нақты тетіктерін енгізу бөлігінде ҚКК төрағасы Серік Бектұрғанов денсаулық сақтау жөніндегі бағдарламалық құжаттарда адамның өзінің қатысуы көзделмеген деп санайды. «Адамның өз денсаулығына деген пассивті көзқарасы сақталған кезде қоғамның менталитетін өзгерту керек, созылмалы инфекциялық емес аурулардың өсуін тоқтату қиын болады. Бұл өз кезегінде денсаулық сақтау шығындарының артуына алып келеді», - деп атап өтті.

ҚКК мүшесі Дәрмен Сәдуақасовтың пікірінше, жұмысшылар аз ауырып, белсенді өмір салтын ұстануы үшін бірінші кезекте жұмыс берушілерді қызықтыру керек. Сондықтан ол Қорға қызметкерлерді бұқаралық спортқа тарту бойынша жобаларға ақы төлейтін жұмыс берушілерге жеңілдіктер жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Серік Бектұрғанов Қоғамдық-консультативтік кеңес жұмысына белсенді қатысқаны үшін кеңес мүшелеріне алғысын білдірді, сондай-ақ келесі жылғы ҚКК жұмысының басымдықтарын белгіледі.

Ағымдағы жылы ӘМСҚ жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің 4 отырысы өткізілді, онда халық пен қоғам үшін маңызды медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы, жалпы, медициналық көмектің сапасын жақсарту мәселелері талқыланды.

22.12.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Читайте также
ПРОВЕРИТЬ СТАТУС И ПЛАТЕЖИ ПО ОСМС МОЖНО И В МОБИЛЬНОМ ПРИЛОЖЕНИИ FREEDOM BANK
ПРОВЕРИТЬ СТАТУС И ПЛАТЕЖИ ПО ОСМС МОЖНО И В МОБИЛЬНОМ ПРИЛОЖЕНИИ FREEDOM BANK
Сервис проверки статуса потребителя медицинских услуг (застрахован/ незастрахован) теперь внедрен и в мобильном приложении Freedom SuperApp.
17.01.2025
ДОЛГИ ЗАКРЫТЫ: ФСМС СООБЩИЛ О СТАБИЛИЗАЦИИ ФИНАНСИРОВАНИЯ
ДОЛГИ ЗАКРЫТЫ: ФСМС СООБЩИЛ О СТАБИЛИЗАЦИИ ФИНАНСИРОВАНИЯ
Задолженность Фонда по оплате перед медицинскими учреждениями была полностью погашена.
16.01.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ДЕКАБРЬ 2024 ГОДА
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ДЕКАБРЬ 2024 ГОДА
В Казахстане успешно проводятся такие операции, как замена клапана без разреза грудной клетки, имплантация беспроводного кардиостимулятора, лечение онкологических заболеваний и удаление грыж. Мы собрали 10 самых уникальных и дорогостоящих операций, проведенных в декабре прошлого года за счет средств ОСМС.
13.01.2025
Смотреть все
Подать обращение Калькулятор ОСМС Поиск