Истории пациентов
Назад
Назад

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЗАҒИП ЖАННЫҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЗАҒИП ЖАННЫҢ КӨЗ ЖАНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Шымкенттік дәрігерлер зағип жанның көз жанарын қалпына келтірді

Жасы 70-ке таяған зейнеткер Еркін Тұрмановтың оң көзі 10 жыл бұрын мүлдем көрмей қалған. Көз соқырлығына душар болған зағип жанға тор қабатының сылынуы мен күрделі катаракта диагнозы қойылады.

Науқастың айтуынша ем іздеп бармаған жері жоқ. Шипасын «Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасынан тапқан. Дәрігерлер оған таяу күндері МӘМС қаражаты есебінен құны 900 мың теңгеден асатын күрделі ота жасап, көз жанарын қалпына келтірді.


Көру қабілеті қайта оралған тағы бір науқас 63 жастағы Рашид Шамсутдинов. Зағип жанның бір көзі 4 жылдан бері мүлдем соқыр болып келген. Қариялар шымкенттік дәрігерлер мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне шексіз алғыстарын білдіруде.

«Көз аурулары Қазақ ғылыми-институтының» Шымкент қаласындағы клиникасы былтыр катаракта, глаукома және тор қабатының сылынуы сынды диагноздар бойынша МӘМС есебінен 500-ге жуық күрделі ота жасаған. Сондай-ақ медициналық ұйымның дәрігер-офтальмохирургы Алиби Қалшабековтың айтуынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша қант диабетінің салдарынан көз ауруына шалдыққан науқастарға тек осы клиникада арнайы дәрі-дәрмек егіледі.

Жалпы Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 5 клиника көз ауруларын емдейді. Биыл МӘМС шеңберінде науқастарға 3000-ға жуық қызмет көрсету жоспарланған.

Біле жүріңіз! МӘМС қарапайым халықтың мүддесін қорғауды көздейді. Сіз сапалы әрі жоғары технологиялық медициналық көмек алуға құқылысыз.

01.03.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Читайте также
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының дәрігерлері ауыр көз жарақатын алған азаматқа сәтті ота жасап, оның көру қабілетін сақтап қалды.
10.06.2025
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
Несчастный случай произошел с 13-летним Динмухамедом Алимовым. Мальчик упал на бордюр, получив тупую травму живота.
03.06.2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды.
03.06.2025
Смотреть все
Подать обращение Калькулятор ОСМС Поиск