Оралдық дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан балаға күрделі операция жасап, өмірін сақтап қалды. Мұндай ота өңірде алғаш рет жасалған. Жеті жастағы ұлының басы ауырып, мұрны қанай берген соң, ата-анасы дәрігер көмегіне жүгінеді. Тексеру кезінде баланың сирек кездесетін Арнольд-Киари кеселіне шалдыққаны анықталады. Мамандардың айтуынша, мұндай дертке душар болған адамның мишығы орнынан қозғалып, шүйденің саңылауына қарай жылжиды екен. Егер тез емделмесе, жағдайы қиындап, аяқ-қолын қозғай алмай, қимылсыз жатып қалуы да мүмкін.
4 сағатқа созылған операция сәтті аяқталып, қазір науқастың жағдайы түзелген. Әдетте мұндай ота 12 сағат жасалады дейді мамандар.
«Жоспарлы түрде МӘМС жүйесі бойынша тегін ота жасалды балаға. Егер бұл ота шетелде болатын болса, қомақты қаражатты талап ететін еді. Шүйде сүйегінің жарты бөлігі, бірінші омыртқаның артқы бөлігі алынды. Отадан кейін баланың жағдайы тұрақты. Бөлімшеде емін алып жатыр. Келесі аптада үйіне шығару жоспарлануда», - БҚО көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Ахмет Орын.
astanatv.kz
29.08.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Читайте также
ТАРАЗДА ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жасөспірімнің жүректегі туа біткен ақауын емдеу үшін жасалған ота сәтті өтті.
04.10.2025
СЕРДЦЕ СНОВА БЬЕТСЯ РОВНО: В СЕМЕE ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ БЕСПЛАТНО
В Университетском госпитале НАО «МУС» города Семей 77-летней пациентке успешно проведена операция на сердце — одинарное внутреннее маммарно-коронарное шунтирование.
16.09.2025
ВРАЧИ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ СПАСЛИ ПЯТИЛЕТНЕГО РЕБЕНКА В КРИТИЧЕСКОМ СОСТОЯНИИ
В Районную больницу №1 села Шелек Алматинской области в экстренном порядке поступила пятилетняя девочка с крайне тяжелым диагнозом.
08.09.2025



