1. ТМККК және МӘМС медициналық қызметтер көлемін жоспарлау
Қор жоспарлау ережелеріне сәйкес медициналық көмектің көлемін жоспарлайды.
Көлемді жоспарлау өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қажеттілігін қалыптастырудан басталады. Бұл процесс демографиялық көрсеткіштер, аурулар статистикасы және эпидемиологиялық жағдайлар және т.б. туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтиды.

Алынған мәліметтер негізінде Қор тиісті жылға медициналық көмек көлемін сатып алу жоспарын әзірлейді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келіседі және бекітеді. Жоспарлау кезінде бюджеттік мүмкіндіктер, Денсаулық сақтау инфрақұрылымы және медициналық ресурстардың қолжетімділігі ескеріледі. Медициналық көмектің бекітілген көлемі медициналық ұйымдармен шарттар жасасуға, медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізуге және олардың орындалуына кейіннен мониторинг жүргізуге негіз болады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021844 
2. 2026 жылға арналған ТМККК және МӘМС тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары
Медициналық қызметтердің тарифтері медициналық көмектің және міндетті медициналық сақтандырудың мемлекет кепілдік берген көлемінің медициналық қызметтеріне белгіленген тарифтердің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ететін Тарифтерді қалыптастыру Ережесілері мен Әдістемесіне сәйкес әзірленеді. Бұл құжаттарда персонал шығындары, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар және басқа да операциялық шығындар сияқты факторларды ескере отырып, денсаулық сақтау қызметтерінің құнын есептеудің егжей-тегжейлі нұсқаулары мен өлшемдері берілген. Тарифтерді белгілеу процесінің негізгі мақсаты – жоғары сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін медициналық қызметтерге ақы төлеудің әділ және тұрақты жүйесін құру.

Медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қорының медициналық қызметтерінің тарифтерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Бекітілген тарифтер медициналық мекемелерді қаржыландыру және олардың қызметтеріне ақы төлеу үшін негіз болады.
2026 жылға арналған ТМККК және МӘМС тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары
107.91KB
Жүктеп алу
3. Сапа мониторингі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізеді.

Мониторинг келесі алгоритм бойынша жүргізіледі: барлық медициналық мекемелер Денсаулық сақтау министрлігі мен Қор жүйелерімен интеграцияланған өздерінің ақпараттық жүйелеріне (МАЖ) халыққа көрсетілген медициналық қызметтер туралы деректерді енгізеді. Бұл жүйелерде медициналық қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды анықтаудың автоматтандырылған процесі жүзеге асырылды.

Көрсетілген барлық медициналық қызметтердің үштен біріне жуығы сараптамадан өтеді, оның барысында Қор мамандары пациенттерге көрсетілген көмектің толықтығын, уақтылығы мен сапасын талдайды және бағалайды.

Сапа мониторингі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мониторинг жүргізу қағидалары бойынша
жүргізіледі
4. ТМККК және МӘМС медициналық қызметтері үшін ақы төлеу
Фонд социального медицинского страхования оплачивает медорганизациям за медицинские услуги ГОБМП и ОСМС, порядок оплаты за которые утвержден Правилами оплаты.
Медицинские организации получают оплату в объемах и на условиях, предусмотренных договорами, заключенными с Фондом социального медицинского страхования.
В договоре закупа медицинских услуг предусмотрены основные положения, такие как авансирование, помесячное распределение объемов медуслуг и много другое.
После обязательной проверки качества и объема, оказанные медицинские услуги оплачиваются по утвержденным тарифам на основании актов оказанных услуг, которые предоставляются субъектами здравоохранения.
5. Медицина және денсаулық сақтау терминологиясы
Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық терминология комиссиясымен бірлесіп медицина және денсаулық сақтау саласының мемлекеттік тілдегі терминологиясын жасақтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 23 қазандағы отырысында хирургия бейіні бойынша бірқатар терминдер бекітілді. Аталған терминдерді біріздендіру және жұмыс барысында қолдану үшін жариялап отырмыз.
Медицина және денсаулық сақтау терминологиясы
22.97KB
Жүктеп алу
6. Төсек қоры бойынша денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтары
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығының 11-тармағына сәйкес денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін алдағы жылға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын айқындау туралы бұйрық шығарады.
Төсек қоры бойынша бұйрық қорға және цифрлық денсаулық сақтау субъектісіне жіберіледі және қордың және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурсында орналастырылады.
Төсек қоры бойынша денсаулық сақтау басқармасының бұйрықтары
796 901.07KB
Жүктеп алу
7. Қызмет берушілердің тізбесі
2026 жылдың қаңтарына арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілердің тізбесін немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қосымша қамтамасыз ету бойынша сатып алу шарттарын жасасқан қызмет берушілердің тізбесі
Қызмет берушілердің тізбесі
751.71KB
Жүктеп алу
8. Оңалту орталықтарының тізбесі
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша медициналық оңалтуды көрсетуге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шарттарын қормен жасасқан өнім берушілердің тізбесі
Оңалту орталықтарының тізбесі
742.25KB
Жүктеп алу
9. Стоматологиялық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі
Стоматологиялық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі
116.32KB
Жүктеп алу
10. Сандық рентгенография,ЭКҰ,КТ және МРТ қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі
Сандық рентгенография,ЭКҰ,КТ және МРТ қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі
131.06KB
Жүктеп алу
11. Маманның жолдамасы бойынша онкологиялық аурулары бар пациенттерге диагностикалық зерттеулер көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі (ПЭТ)
Маманның жолдамасы бойынша онкологиялық аурулары бар пациенттерге диагностикалық зерттеулер көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі (ПЭТ)
16.79KB
Жүктеп алу
12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуына жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы өнім берушілердің тізілімі
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуына жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы өнім берушілердің тізілімі
439.20KB
Жүктеп алу
13. Бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібі
Бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібі
19.56KB
Жүктеп алу
14. Бірлесіп төлеу тетігін іске асыру тәртібі
1 кезең. Қосымша төлемнің ақпараттық жүйесін техникалық тексеру
Техникалық әзірлікке, үйлесімділікке және өнеркәсіптік пайдалану мүмкіндігіне бірлесіп төлеудің ақпараттық жүйесін тексеру мынадай:

Тексеруден сәтті өту қорытындысы бойынша өтініш берушіге ақпараттық жүйенің техникалық дайындығы туралы растау жіберіледі.

2 кезең. Бірлесіп төлеу шартын жасасуға өтінім
Ақпараттық жүйені сәтті тестілеу нәтижелері бойынша бірлесіп төлеу шартын жасасуға өтінім нысаны жіберіледі:
  • Бірлесіп төлеу шартын жасасуға өтінім нысаны


15. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтерді сатып алуға қосылу шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасы
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтерді сатып алуға қосылу шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар (сары түспен бөлінген). Ұсыныстар 2026 жылғы 9 наурызға дейінгі мерзімде g.musaibekova@fms.kzэлектрондық мекенжайға қабылданады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтерді сатып алуға қосылу шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасы
131.23KB
Жүктеп алу
16. 2026 жылға арналған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтерді сатып алуға қосылу шарты
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтерді сатып алуға қосылу шартына (бұдан әрі – Қосылу шарты) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы шешімімен өзгерістер енгізілгенін хабарлайды, № 54. 2025 жылғы 26 желтоқсанда Қосылу шартына енгізілген өзгерістердің толық мәтіні Қордың интернет-порталында және көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) жарияланған. Сонымен қатар, Қосылу шартына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 26 қаңтарда күшіне енетініне назар аударамыз, яғни Қосылу шарттың 31-тармағына сәйкес Қосылу шартына енгізілген өзгерістердің толық мәтіні Қордың интернет-ресурсында және (немесе) веб-порталда жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң,. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 53-тармағына сәйкес Қордың интернет-ресурсында және веб-порталда қайта жариялау (орналастыру) Қосылу шартының толық мәтініне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, өзгерістер күшіне енгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
2026 жылға арналған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметтерді сатып алуға қосылу шарты
127.29KB
Жүктеп алу
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу