Қор туралы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2016 жылы Қазақстан Үкіметі тарапынан халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың шығындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арқылы азайту мақсатында құрылды. Қордың қызметі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және еліміздегі МӘМС жүйесін жақсартуға бағытталған.
Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, халықтың денсаулығын жақсартуға және денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді.
2016
Қор қызметінің басталуы
2017
Филиалдарды құру
2018
Жеткізушілермен алғашқы шарттар жасасу
2020
1406 байланыс орталығын құру
2020
МӘМС жүйесін іске қосу
2024
Медициналық көмекті төлеудің Бірыңғай жүйесін іске қосу
2024
Ахуалдық-талдамалық орталығын құру
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекет, жұмыс берушілер және халық тарапынан келіп түсетін төлемдерді шоғырландырады.
Қор халықтың қажеттіліктерін бағалап, медициналық қызметтердің көлемін айқындай отырып, медициналық көмек көлемін жоспарлайды. Сатып алу порталында медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастырып, жеткізушілермен шарт жасасады. Сонымен қатар, Қор медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне мониторинг жүргізіп, халыққа көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға ақы төлейді.
Қор МӘМС жүйесінің және сақтандырылудың артықшылықтары туралы халықпен, медицина қызметкерлерімен, жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен және жеткізушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізеді.
Қор пациенттердің құқықтарын қорғау бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп, омбудсмен рөлін атқарады. Қорға күн сайын азаматтардан өтініштер келіп түседі, олардың әрқайсысы жеке қаралады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қоғам алдындағы есептілігі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын өз қызметі туралы есептер жариялайды. Бұл есептер – сақтандырылған азаматтар, мемлекеттік органдар, серіктестер мен басқа да мүдделі тараптар алдында ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Есептер Қор жұмысының тиімділігін, қаржылық тұрақтылығын және медициналық сақтандыруды жетілдіру бағытында қол жеткізген нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қордың жыл сайынғы есептері – оның қызметі туралы жан-жақты ақпарат беретін маңызды құжаттар болып табылады.
Бөлімге өту

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ құрамына кіріңіз