Ережелер мен құжаттар
Көлемді жоспарлау өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қажеттілігін қалыптастырудан басталады. Бұл процесс демографиялық көрсеткіштер, аурулар статистикасы және эпидемиологиялық жағдайлар және т.б. туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтиды.
Алынған мәліметтер негізінде Қор тиісті жылға медициналық көмек көлемін сатып алу жоспарын әзірлейді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келіседі және бекітеді. Жоспарлау кезінде бюджеттік мүмкіндіктер, Денсаулық сақтау инфрақұрылымы және медициналық ресурстардың қолжетімділігі ескеріледі. Медициналық көмектің бекітілген көлемі медициналық ұйымдармен шарттар жасасуға, медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізуге және олардың орындалуына кейіннен мониторинг жүргізуге негіз болады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021844
Медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қорының медициналық қызметтерінің тарифтерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Бекітілген тарифтер медициналық мекемелерді қаржыландыру және олардың қызметтеріне ақы төлеу үшін негіз болады.
Денсаулық сақтау субъектісі Қормен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 48 шешімімен бекітілген ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қосылу шартына (бұдан әрі – Қосылу шарты) қосылды деп есептеледі.
Қосылу шартының ережелері ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шарты бойынша Тапсырыс беруші мен Жеткізушу арасындағы өзара қарым-қатынастардың жалпы талаптарын белгілейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізеді.
Мониторинг келесі алгоритм бойынша жүргізіледі: барлық медициналық мекемелер Денсаулық сақтау министрлігі мен Қор жүйелерімен интеграцияланған өздерінің ақпараттық жүйелеріне (МАЖ) халыққа көрсетілген медициналық қызметтер туралы деректерді енгізеді. Бұл жүйелерде медициналық қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды анықтаудың автоматтандырылған процесі жүзеге асырылды.
Көрсетілген барлық медициналық қызметтердің үштен біріне жуығы сараптамадан өтеді, оның барысында Қор мамандары пациенттерге көрсетілген көмектің толықтығын, уақтылығы мен сапасын талдайды және бағалайды.
Сапа мониторингі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мониторинг жүргізу қағидалары бойыншажүргізіледі
Медицинские организации получают оплату в объемах и на условиях, предусмотренных договорами, заключенными с Фондом социального медицинского страхования.
В договоре закупа медицинских услуг предусмотрены основные положения, такие как авансирование, помесячное распределение объемов медуслуг и много другое.
После обязательной проверки качества и объема, оказанные медицинские услуги оплачиваются по утвержденным тарифам на основании актов оказанных услуг, которые предоставляются субъектами здравоохранения.
Төсек қоры бойынша бұйрық қорға және цифрлық денсаулық сақтау субъектісіне жіберіледі және қордың және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурсында орналастырылады.