Қор туралы
Артқа
Артқа

Қор туралы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры 2016 жылы Қазақстан Үкіметі халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арқылы халықтың шығыстарын азайту мақсатында құрылды. Қордың қызметі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және елдегі МӘМС жүйесін жақсартуға бағытталған.

Қор халықтың денсаулығын жақсартуға және денсаулық сақтау ресурстарын пайдалану тиімділігіне ықпал ете отырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
2016
Қор қызметінің басталуы
2017
Филиалдар құрылды
2018
Жеткізушілермен алғашқы шарттар жасасу
2020
1406 байланыс орталығын құру
2020
МӘМС жүйесін іске қосу
2024
Медициналық көмекке ақы төлеудің Бірыңғай жүйесін іске қосу
2024
Ситуациялық-талдау орталығын құру

Қызмет түрлері

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры мемлекеттің, жұмыс берушілердің және халықтың төлемдерін жинақтайды.

Қор медициналық көмектің көлемін жоспарлайды, халықтың қажеттіліктерін бағалайды және қызметтердің қажетті көлемін анықтайды, медициналық көмекті сатып алу порталы арқылы сатып алуды жүргізеді, жеткізушілермен шарттар жасасады. Бұдан басқа, Қор халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ халыққа көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға ақы төлеуді жүргізеді.

Қор халық, медицина қызметкерлері, жұмыс берушілер, мемлекеттік органдар мен жеткізушілер арасында МӘМС жүйесі мен сақтандырудың артықшылықтары туралы белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қор омбудсмен рөлін атқара отырып, пациенттердің құқықтарын қорғауда белсенді орын алады. Күн сайын Қорға пациенттерден өтініштер келіп түседі, олардың әрқайсысы жеке қаралады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының қоғам алдындағы есеп беруі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жыл сайын өз қызметі туралы есептер шығарады. Есептер сақтандырылған адамдар, мемлекеттік органдар, серіктестер және басқа да мүдделі тараптар алдында ашықтық пен есеп беруді қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

Есептер Қордың тиімділігін, оның қаржылық тұрақтылығын және медициналық сақтандыруды жақсартудағы жетістіктерін бағалауға көмектеседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жыл сайынғы есептері Қордың қызметі туралы толық ақпарат беретін маңызды құжаттар болып табылады
Бөлімге өту
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ құрамына кіріңіз


Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу