Артқа
Артқа

Ережелер мен құжаттар

1. ТМККК және МӘМС медициналық қызметтер көлемін жоспарлау
Қор жоспарлау ережелеріне сәйкес медициналық көмектің көлемін жоспарлайды.
Көлемді жоспарлау өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қажеттілігін қалыптастырудан басталады. Бұл процесс демографиялық көрсеткіштер, аурулар статистикасы және эпидемиологиялық жағдайлар және т.б. туралы деректерді жинауды және өңдеуді қамтиды.

Алынған мәліметтер негізінде Қор тиісті жылға медициналық көмек көлемін сатып алу жоспарын әзірлейді, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келіседі және бекітеді. Жоспарлау кезінде бюджеттік мүмкіндіктер, Денсаулық сақтау инфрақұрылымы және медициналық ресурстардың қолжетімділігі ескеріледі. Медициналық көмектің бекітілген көлемі медициналық ұйымдармен шарттар жасасуға, медициналық қызметтерді сатып алуды жүргізуге және олардың орындалуына кейіннен мониторинг жүргізуге негіз болады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021844 
2. 2024 жылға арналған ТМККК және МӘМС тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары
Медициналық қызметтердің тарифтері медициналық көмектің және міндетті медициналық сақтандырудың мемлекет кепілдік берген көлемінің медициналық қызметтеріне белгіленген тарифтердің ашықтығы мен негізділігін қамтамасыз ететін Тарифтерді қалыптастыру Ережесілері мен Әдістемесіне сәйкес әзірленеді. Бұл құжаттарда персонал шығындары, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдар, жабдықтар және басқа да операциялық шығындар сияқты факторларды ескере отырып, денсаулық сақтау қызметтерінің құнын есептеудің егжей-тегжейлі нұсқаулары мен өлшемдері берілген. Тарифтерді белгілеу процесінің негізгі мақсаты – жоғары сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін медициналық қызметтерге ақы төлеудің әділ және тұрақты жүйесін құру.

Медициналық көмек және міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік қорының медициналық қызметтерінің тарифтерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Бекітілген тарифтер медициналық мекемелерді қаржыландыру және олардың қызметтеріне ақы төлеу үшін негіз болады.
2024 жылға арналған ТМККК және МӘМС тарифтерді қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары
26.52KB
Жүктеп алу
3. ТМККК және міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қосылу туралы келісім

Денсаулық сақтау субъектісі Қормен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 48 шешімімен бекітілген ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қосылу шартына (бұдан әрі – Қосылу шарты) қосылды деп есептеледі.

Қосылу шартының ережелері ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу шарты бойынша Тапсырыс беруші мен Жеткізушу арасындағы өзара қарым-қатынастардың жалпы талаптарын белгілейді.

ТМККК және міндетті медициналық сақтандыру бойынша медициналық қызметтерді сатып алуға қосылу туралы келісім
72.64KB
Жүктеп алу
4. Сапа мониторингі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізеді.

Мониторинг келесі алгоритм бойынша жүргізіледі: барлық медициналық мекемелер Денсаулық сақтау министрлігі мен Қор жүйелерімен интеграцияланған өздерінің ақпараттық жүйелеріне (МАЖ) халыққа көрсетілген медициналық қызметтер туралы деректерді енгізеді. Бұл жүйелерде медициналық қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды анықтаудың автоматтандырылған процесі жүзеге асырылды.

Көрсетілген барлық медициналық қызметтердің үштен біріне жуығы сараптамадан өтеді, оның барысында Қор мамандары пациенттерге көрсетілген көмектің толықтығын, уақтылығы мен сапасын талдайды және бағалайды.

Сапа мониторингі Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мониторинг жүргізу қағидалары бойынша
жүргізіледі
5. ТМККК және МӘМС медициналық қызметтері үшін ақы төлеу
Фонд социального медицинского страхования оплачивает медорганизациям за медицинские услуги ГОБМП и ОСМС, порядок оплаты за которые утвержден Правилами оплаты.
Медицинские организации получают оплату в объемах и на условиях, предусмотренных договорами, заключенными с Фондом социального медицинского страхования.
В договоре закупа медицинских услуг предусмотрены основные положения, такие как авансирование, помесячное распределение объемов медуслуг и много другое.
После обязательной проверки качества и объема, оказанные медицинские услуги оплачиваются по утвержденным тарифам на основании актов оказанных услуг, которые предоставляются субъектами здравоохранения.
6. Жаңа редакциядағы қосылу шарты. 2024 жылғы 3 желтоқсандағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының (№48 хаттама) шешімімен бекітілді. 2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап күшіне енді
Жаңа редакциядағы қосылу шарты. 2024 жылғы 3 желтоқсандағы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының (№48 хаттама) шешімімен бекітілді. 2024 жылғы 9 желтоқсаннан бастап күшіне енді
480.51KB
Жүктеп алу
7. Төсек қоры бойынша ДСБ бұйрықтары
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 бұйрығының 11-тармағына сәйкес денсаулық сақтау басқармасы жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін алдағы жылға ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісінде төсек қорын қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын айқындау туралы бұйрық шығарады.
Төсек қоры бойынша бұйрық қорға және цифрлық денсаулық сақтау субъектісіне жіберіледі және қордың және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурсында орналастырылады.
Төсек қоры бойынша ДСБ бұйрықтары
280 245.42KB
Жүктеп алу
8. Стоматологиялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі
Перечень медицинских организаций оказывающих стоматологические услуги
Стоматологиялық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізбесі
118.31KB
Жүктеп алу
9. Өнім берушілердің тізбесі
2024 жылға 1 желтоқсандағы арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын жасасқан қызметтер берушілердің тізбесін немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қосымша қамтамасыз ету бойынша сатып алу шарттарын жасасқан өнім берушілердің тізбесі
Өнім берушілердің тізбесі
799.65KB
Жүктеп алу
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу