Вакансиялар
Артқа
Артқа

Вакансиялар

Стань частью НАО «Фонд социального медицинского
страхования»
Уважаемые кандидаты! Добро пожаловать в раздел вакансий НАО «Фонд социального медицинского страхования». Здесь вы найдете отличные возможности для профессионального роста и развития. Приглашаем вас ознакомиться с нашими текущими предложениями.

Актуальные вакансии

Ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық жүйелерді тестілеу және сүйемелдеу басқармасының менеджері

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Салалардағы білім: Ақпараттық технологиялар немесе ІТ/ математика/ экономика;
  • Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1) техникалық құжаттаманы жазу (нұсқаулықтар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер);

2) өз құзыреті шегінде «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жүйесін әзірлеу мен модификациялаудың барлық кезеңдерінде әзірлеушілермен және талдаушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) жобалау құжаттамасын әзірлеу және өзекті жай-күйде ұстау;

4) «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жүйесі бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша талдамалық және өзге де ақпаратты қалыптастыру үшін құралдар ұсыну;

5) әзірлеушілерге міндеттер қою (талаптардың, бағдарламалардың жұмыс сценарийлерінің, пайдаланушы интерфейсінің ресімделген сипаттамасы) және олардың орындалуын бақылау;

6) алгоритмдерді іске асырудың дұрыстығына және ұсынылған талаптарға сәйкестігіне өзгертілген функционалға алдын ала тестілеу жүргізу;

7) ақпараттық жүйелердегі іркілістер туралы ақпаратқа талдау жүргізу және оларды жоюға шаралар қабылдау;

8) Қор функцияларын автоматтандыру жөніндегі міндеттер бөлігінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін модификациялау жөніндегі міндеттер жиынтығын іске асыру мониторингін жүргізу;

9) ақпараттық жүйелердің (бұдан әрі-АЖ) өнімділігін талдау, оңтайландыру бойынша шешімдер енгізу;

10) Департамент құзыреті шеңберінде Ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес-процестерінің сипаттамасын әзірлеуге, өзектендіруге қатысу;

11) Қор қызметкерлерін «Бірыңғай медициналық ақпараттық Call-орталық» жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқытуды және консультацияны жүргізеді, пайдаланушымен жүйелермен жұмыс істеу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады, жаңартылған функциялар бойынша оқытуды жүргізеді;

12) Департаменттің бастамасы бойынша жасалған шарттар бойынша қор жеткізушілерінің шарттық міндеттемелерді орындамауына талдау жүргізу (қажеттілігіне қарай);

13) Қор Басқармасының 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен бекітілген қордың электрондық ресурстарына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларына сәйкес қызметкерлердің Қордың ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуін әкімшілендіру (№13 хаттама);

14) Департамент құзыреті шегінде Ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі-АЖ) құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобалар шеңберінде автоматтандыруға жататын қордың бизнес - процестерінің сипаттамасын әзірлеу, өзектендіру;

15) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды жоспарлау;

16) АЖ құру, дамыту, енгізу және сүйемелдеу;

17) АЖ құру, дамыту және енгізу жөніндегі жобаларды аяқтауды жүзеге асыру;

18) Қордың АЖ қажеттілігі бойынша сыртқы АЖ-мен интеграциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

19) әзірленген/ өзгертілген функционал, модуль, сервис бойынша нұсқаулықтарды, пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу;

20) Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне өз құзыреті шегінде Қордың қолданыстағы ішкі құжаттарына сәйкес тиісті сұрау салу негізінде АЖ-дан түсіруді ұсыну;

21) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың ішкі құжаттарында бекітілген іс-шараларды іске асыру;

22) Қордың негізгі қызметі бойынша АЖ пысықтау және түрлендіру бойынша ұсыныстар енгізу;

23) іске асыру мерзімдерін, жауапты тұлғаларды көрсете отырып, автоматтандыру жөніндегі міндеттер жоспарын қалыптастыру;

24) қосымша техникалық, бағдарламалық, әкімшілік ресурстардың құны мен қажеттілігі, іске асыру мерзімі мен тәсілі, еңбек шығындары бөлігінде пысықтау мен модификациялауды іске асыруға арналған жұмыстарды бағалауды жүргізу;

25) Департаменттің құзыреті шегінде Қордың құрылымдық бөлімшелері бастамашылық жасаған жобаларға қатысу;

26) Қордың басшылығына, сондай-ақ Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі бойынша тиісті сұрау салу негізінде ақпарат беру;

27) қойылған міндеттерді, функцияларды, іс-шараларды, тапсырмаларды көрсетілген мерзімдерде уақтылы орындау;

28) Операциялық жоспарды және өзге де жоспарларды қалыптастыру үшін ақпаратты уақтылы ұсыну;

29) Операциялық жоспардың және өзге де жоспарлардың іс-шараларының орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну;

30) Департаменттің, Қордың басшылығымен, Қордың ішкі құжаттарымен және Департамент туралы ережемен жүктелген өзге де міндеттерді орындау;

31) Департамент басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың хаттарын, өтініштерін және өзге де өтініштерін қарау;

32) Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу (бар болса):

1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Департамент басқармасына бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жолдау;

2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу;

3) заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің сұрау салуы бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Әңгімелесу.

Дата начала приема документов: 27.02.2025 09:00:00
Болжау және жоспарлау департаменті Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасы аға менеджері

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Салалардағы білім: денсаулық сақтау/ экономика / қаржы;
  • Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жоспарлау жөніндегі экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін жоспарлауға байланысты жұмыстар кешенін жүзеге асырады:

1) медициналық қызмет көлемін жоспарлау үшін ақпарат жинау және алынған ақпаратты талдау;

2) Қор филиалдарының өтінімдерін ескере отырып, алдағы қаржы жылына арналған медициналық көмекке ақы төлеу үшін бюджет қаражаты шығыстарының көлемі шегінде медициналық көмектің жоспарланған көлемі негізінде медициналық қызметтерге сатып алу жоспарларының (бұдан әрі – сатып алу жоспарлары) жобаларын қалыптастыру;

3) Қор филиалдарының тиісті қаржы жылына арналған өтінімдерін ескере отырып медициналық қызметтерді сатып алу жоспарларының жобаларына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар қалыптастыру;

4) сатып алу жоспарларының жобаларын / сатып алу жоспарларының жобаларына өзгерістерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу;

5) бюджет қаражатын медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша бөлу жобасын қалыптастыру (сатып алу жоспары);

6) Департамент мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп айқындаған болжамды қажеттілікпен Қор филиалдарынан алынған өтінімдерді, медициналық көмектің түрлері, нысандары, оны көрсету шарттары, медициналық қызмет түрлері бойынша медициналық қызметтер көлемдерін салыстырмалы талдауды қарау және жүргізу;

7) алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет қаражаты көлемінің тиісті болжамымен халықтың медициналық көмекке болжамды қажеттілігін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберу;

8) бюджет қаражатының лимиттерін, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған бекітілген сатып алу жоспарының/ағымдағы жылы өзгертілген сатып алу жоспарының жоспарлы мәндерін Қордың мүдделі құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарына жеткізу;

9) Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың бюджеттік комитетінің отырысына материалдар дайындау;

10) сатып алу жоспарларын және оған өзгерістерді бекіту бойынша Басқарма отырысына материалдар дайындау;

11) Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасының құзыреті шеңберінде жоспарлау процесіне қатысушылармен, Қордың құрылымдық бөлімшелерімен және филиалдарымен медициналық қызметтер көлемін жоспарлау мәселелері бойынша хат алмасу жүргізу;

12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық бұйрығында, Қор басшылығының бұйрығында, Департаменттің регламенті мен ережесінде, қордың жауапты құрылымдық бөлімшесіне Қордың өзге де ішкі құжаттарында көзделген мерзімдерге сәйкес есептілікті сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сатып алу жоспары шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті жоспарлау және болжау әдістерін жетілдіру:

1) медициналық көмек көлемін жоспарлау процесінің әдістерін/ әдістемелерін қалыптастыру, өзектендіру;

2) сатып алу жоспарына сәйкес медициналық қызметтерді жоспарлау процесін автоматтандыруға жәрдемдесу.

3. Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасының құзыреті шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға, Қор органдарына, Қордың құрылымдық бөлімшесіне есептер ұсыну.

4. Медициналық қызметтердің көлемін жоспарлауға қатысты құқықтық актілердің, Қордың ішкі құжаттарының жобаларына қатысу және (немесе) әзірлеу және (немесе) іске асыру.

5. Қордың тиісті жылға арналған Операциялық жоспарын әзірлеуге, медициналық көлемді жоспарлау және мониторинг басқармасының қызметіне сәйкес іс-шаралар бойынша қатысу.

6. Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасының құзыретіне жататын іс-шаралар бойынша Қордың Операциялық жоспарының орындалуына Мониторинг жүргізу.

7. Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасының құзыреті шеңберінде тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарларының қатысуын және (немесе) іске асырылуын қамтамасыз ету.

8. Медициналық көмек көлемін жоспарлау және мониторингілеу басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

9. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және бекітілген бағыттар бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті сатып алу жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу. Сатып алу жоспарларының орындалу мониторингі есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдан кешіктірмей және жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі наурыздан кешіктірмей, медициналық көмектің және медициналық қызметтің нысандары, түрлері бойынша ақы төлеуге қабылданған көлемдердің мөлшеріне пайыздық қатынаста жоспарлы мәндердің орындалу дәрежесін зерделеу жолымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және Қордың «1С-Бухгалтерия» дерекқорынан және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің» бірыңғай кіру нүктесінен түсіру деректері бойынша міндетті соиалдық медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыру.

10. ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмекті қаржыландыру көлеміне әсер ететін енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қаржылық қажеттілігін айқындау мақсатында медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен қағидаларының жобаларын қарау, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді сатып алу жоспарларына өзгерістер қалыптастыру кезінде медициналық көмекті тұтынуды талдауды және оның өсуін/төмендеуін айқындауды жүзеге асыру.

11. Департаментке бекітілген шарттар (медициналық қызметтер көрсету шарттарын қоспағанда) бойынша құзыреті шеңберінде өнім берушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу:

1) өнім берушілер заңмен сүйемелдеу жөніндегі құрылымдық бөлімшеге шарттық міндеттемелерді бұзу фактілерін анықтаған жағдайда Департаментке бекітілген шарттар бойынша талап қою үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қызметтік жазбаны жіберу;

2) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер анықталған жағдайда, Қордың ішкі қауіпсіздікті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесіне жазбаша хабарлама жіберу.

12. Департамент және Қор басшылығы ішкі құжаттарға (жұмыс берушінің актілеріне), Департамент туралы ережеге сәйкес жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Жалпы конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) Эссе;

2) Әңгімелесу (Департаменттің функционалдық бағыты бойынша сұрақтар)..

Дата начала приема документов: 27.02.2025 09:00:00
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу