Артқа
Артқа

МСҚ-на 2019 жылдың қараша айында 9,7 млрд теңге жарна түсті

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» 2019 жылдың 1-30 қараша аралығында 9,7 млрд теңге түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қараша аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 234 млрд теңгені құрады.

Оның 224,8 млрд теңгесі (96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 

05.12.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЗАКЛЮЧЕНИЕ ДОЛГОСРОЧНЫХ ДОГОВОРОВ С ФСМС: УСЛОВИЯ ДЛЯ ПОСТАВЩИКОВ
ӘМСҚ-МЕН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТТАР ЖАСАСУ: ҚЫЗМЕТТЕР БЕРУШІЛЕР ҮШІН ШАРТТАР
29 қарашадан бастап ұзақ мерзімді сатып алу шарттарын жасасу үшін тиісті денсаулық сақтау субъектілерін айқындауға өтінімдер қабылдау басталды.
29.11.2024
СТАРТУЕТ ЗАКУП МЕДПОМОЩИ НА 2025 ГОД
2025 ЖЫЛҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ САТЫП АЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
Қорда 27 қарашадан бастап 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыруға өтінімдерді қабылдау басталғанын және сатып алу рәсімдеріндегі жаңашылдықтарды хабарлады.
27.11.2024
МЕСЯЦ В МЕСЯЦ: В ФСМС ОТЧИТАЛИСЬ ПО ФИНАНСИРОВАНИЮ МЕДПОМОЩИ
ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
2024 жылы Қор медициналық ұйымдарға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл биылғы медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемінің 79%-ын құрайды.
21.11.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу